Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА СОЛТҮСТІК ӨҢІР ӨКІЛДЕРІМЕН «ҚОНЫС АУДАРУ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА СОЛТҮСТІК ӨҢІР ӨКІЛДЕРІМЕН «ҚОНЫС АУДАРУ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 23 тамызында аудан орталығындағы «Аудандық мәдениет үйі» ғимаратында еңбек күшін қажет ететін солтүстік өңірлерге халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтарынан азаматтарды ерікті түрде көшіру жұмыстары бойынша Түлкібас тұрғындарымен кездесу өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 7 человек и люди учатся
Делегация қатарында Павлодар облысынан «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің директоры Есембаева Меруерт Сейтбекқызы, «Успен аудандық мансап орталығы» филиалының директоры Макатаев Серік Қайргелдіұлы, Ақтоғай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің басшысы Неғметулла Қолқанат Ерланұлы, Ефремов ауылдық округінің әкімі Гапу Сапаржан Гапуовна және Солтүстік Қазақстан облысынан «Мамлют аудандық мансап орталығы» филиалының директоры Самарханұлы Еркін, Ғ.Мүсірепов ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің басшысының орынбасары Шегебаев Баян түлкібастықтарды солтүстік өңірлерге қоныстануға шақырды.
Іс шараға 250 адам қатысып, қоныс аударуға кеңес алғандар саны 30 азамат, көшуге ниет білдіргендер саны 8 отбасы болды.
Павлодар облыстық «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің директоры Есембаева Меруерт Сейтбекқызы Солтүстікке қажетті жұмыс күш қатарын толықтыруға насихаттаса. Солтүстік Қазақстан облыстық «Мамлют аудандық мансап орталығы» филиалының директоры Самарханұлы Еркін қоныс аударушылар жайында бейнероликтерді көрсетті.
Жалпы, 2015 жылдан бері жұмыс күші аз Солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан Оңтүстік аймақтарынан азаматтарды көшіру жұмыстары нәтижесінде, облысымыздан бүгінге дейін 14 874 адам немесе 3 358 отбасы қоныс аударған.
Возможно, это изображение динамик и помост
Мемлекет Солтүстік облыстарға қоныс аударғандардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 440 теңге) мөлшерінде ақша, алғашқы уақытта үй жалдауға қаржы береді. Бұдан бөлек, билік оларды қысқа уақытқа кәсіби оқуға жіберіп, жұмысқа тұрғызуы, жеңілдікпен баспана алуға көмектесуі тиіс.
Ал қоныс аударғандарға жұмыс ұсынған жұмыс берушілерге 400 АЕК (1 476 800 теңге) субсидия беріледі.
Кездесу соңында тұрғындар қоныс аудару бойынша кеңестер алып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу