Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АРЫСТА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

АРЫСТА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы Арыс қаласында қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек, учится и текст
Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.
Осы орайда, апта басынан бастап, яғни 19 -23 тамыз аралығында Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округінде алғашқы оқу ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» жобасы аясында, «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ» бағдарламасы бойынша 40 сағат күндізгі курсын аяқтаған Монтайтас ауылының 92 тұрғынына арнайы сертификаттар табысталды.
Возможно, это изображение 9 человек и толпа
Сертификаттарды қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов пен “AMANAT” партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков және арнайы қаржы сарапшысы Мұратжан Есенбаев тапсырып, ауыл тұрғындарына сәттілік тіледі.
Жобаға қатысушылар өз қаражатын тиімді басқаруды үйреніп, өмірлік тәжірибе ретінде іске асыратындықтарын жеткізді. Оқу бағдарламасы аясында тұрғындарға жан жақты ақпараттар берілді. Оның ішінде:
— өз қаржыларын тиімді басқаруды;
— кредит алу мен депозит ашудың тиімді жолдарын;
— банкроттыққа тапсырудың алғышарттарын;
— алаяқтарға алданбау мен қаржылық пирамидалардың құрсауына түспеуді үйренді. Сонымен қатар мемлекеттік қайтарымсыз гранттар бойынша, «Ауыл аманаты» жеңілдетілген несие бағдарламасы туралы ақпарат берілді.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Сонымен қатар, банк карталарында бұғат (арест) болса шешіп беруге және төлей алмай жатқан несиелер болса жаңа график ашып беруге онлайн тегін заңгер қызметі көрсетілді. «Қарызсыз қоғам »жобасы алдағы уақытта қала көлемінде жалғасын табатын болады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу