Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары бойынша «Білім беру-балабақшалар, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту және т.б.» тақырыптарында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудандық білім ғимаратында өткен іс шара барысында бөлімнің қызметкерлері тарапынан түсіндіру шараларымен 15 қызмет алушы тұрғындар қамтылып, қызметті алу барысында туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Айта кетсек, «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы алдағы уақытта жоспарға сәйкес басқа да салалардағы тақырыптармен жалғасын табатын болады.
© Didarbek.kz