Мемлекет басшысының жолдауында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша берілген тапсырманы орындау шеңберінде “Amanat” партиясының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасы қаржы сарапшыларының қатысуымен ауданымызда іске асырылуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы ретте, бүгін аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов қаржылық сауаттылығын арттырған бірқатар азаматтарға сертификат табыс етіп, білім беру жобасына қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бүгінге дейін жоба аясында 740 адам қатысып, сертификат алды. «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылары;
— Өз отбасының бюджетін оңтайландыру;
— Тиімді несие алу мен депозиттер ашуды үйрену;
— Банкроттыққа тапсырудың критерилері;
— Қайтарымсыз мемлекеттік грант пен «Ауыл аманаты» жеңілдетілген несие бағдарламасы туралы;
— Алаяқтарға алданбау мен қаржы пирамидаларының құрсауына түспеу жолдары кеңінен талқыланып, ақпараттар берілді.
© Didarbek.kz