Аудан тұрғындарының көптен бері көкейінде жүрген жол мәселесі қазіргі таңда қарқынды қолға алынуда. Соның ішінде, Қарабұлақ ауыл округі, Шымкент қақпа көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары қалыпқа келтіріліп жатыр,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сайрам Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын көшенің ескі жол жамылғысы қырып алынған. Оның орнына асфальт тас төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер үшін арнайы аяқжолдар да салынуда.
— «Әкімдік өкілдерінің жол сапасын жақсарту бағытындағы бұл жұмыстары «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының жүйелі жүргізілуінің белгісі деп білемін. Жергілікті тұрғындар да талай уақыттан бері тозығы жеткен көшенің көркі кіргенін көріп, тиісті тұлғаларға алғыстарын айтып жатыр. Қарабұлақ-Ақсуабад тас жолының бойында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары көлік кептелісін азайтуға айтарлықтай септігін тигізетініне сенемін,» — деді аудандық мәслихаттың депутаты Dastan Anartaev.
Айта кетейік, аталған тірліктерді атқаруға экскаватор, жүк көтергіш, су тасушы техникаларынан бөлек, бірқатар жұмысшылар жұмылдырылған.
© Didarbek.kz