Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ

Аудандық мәдениет үйінде «30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне» орай салтанатты іс-шара өтті,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сайрам Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
May be an image of 1 persona i text
Іс-шара қатысушылардың Мемлекеттік Әнұранды орындауымен және көк байрағымыздың салтанатты түрде тұғырға қойылуымен басталды. Ата Заңымыздың мерейін асыруға арналған шараға мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау қызметкерлері, аудандық мәслихаттың төрағасы және мәслихат депутаттары, аудандық «Amanat» партиясы филиалы мен бастауыш партия ұйымы және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Маңызды кеш барысында аудан әкімі Арман Сәбитов жиынға қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді. Өз сөзінде:
— Сіздерді еліміздің мәні бөлек мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын, демократиялық жолын сипаттаған Конституцияны құрметтеу және қастерлеу – біздің басты борышымыз саналады. Қазіргі таңда еліміздің қарышты және серпінді дамуына сайрамдықтар да өз үлестерін қосуда. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсу көрсеткіші күн сайын артып, тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін қажетті мүмкіндіктер қарастырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы да Ата Заңымызда айқындалған заңнамаларға сәйкес жүргізіліп жатқаны белгілі. Баршаңызды Конституция күнімен тағы да құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ынтымақ пен бақ-береке тілеймін! Ата заңымыз айбынды, егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Отанымыздың дамуы жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын! — деді Арман Сәбитұлы.
May be an image of 6 persones i text
Шара шеңберінде еліміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген сан түрлі саладағы бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты жиын соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының Ата Заңымыздың асқақтығын айғақтайтын отансүйгіштік сипаттағы сахналық қойылымдары және мерекелік бағдарламаларымен жалғасты.
© Didarbek.kz

Пікір жазу