Түлкібас ауданында жалпы үш мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Сол азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында аудан әкімдігінің тікелей ықпалымен биыл кәсіпкерлер есебінен аудан орталығына қарасты Бақыбек мөлтек ауданында 24 пәтерлік үш қабатты екі үйдің және Нұршуақ мөлтек ауданынан 20 пәтерлік екі қабатты екі үйдің және 16 пәтерлі екі қабатты бір үйдің құрылысы жүруде.
Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов аталған нысандарды жауапты мамандармен бірге аралап, құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайын бақылады. Құрылысты жүргізіп жатқан кәсіпкерлермен сұқбаттасып, оларға нысандардың сапалы әрі мерзімінде аяқтауды ескертіп, күн суытпай тұрып үй кезегінде тұрған азаматтарға тапсыруға әрекет жасауымыз керектігін атап өтті.
Қос участіктегі көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары күз айларында аяқталады деп күтілуде. Ол жердегі толық талапқа сай 106 пәтерді мемлекет есебінен сатып алып, үй кезегінде тұрған азаматтарға тарату жоспарлануда.