Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түлкібас ауданында «Күміс жас» бағдарламасы іске асырылуда

Түлкібас ауданында «Күміс жас» бағдарламасы іске асырылуда

Түлкібас ауданының экономикасы мен халықтың жағдайын жақсарту мақсатында ауданда жыл санап әртүрлі бағыттағы ірі әлеуметтік және кәсіптік нысандар бой көтеруде. Осы ретте, Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округінің тұрғыны, Балташов Бахытбай Толебаевич 02.05.2024 жылы “Абдибекова Р.З.” жеке кәсіпкерлігіне күміс жас бағдарламасымен жұмысшы қызметіне жолданған. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқаруда.
 Күміс Жас жобасына-2024 жылы ауданымызға 130 азаматқа ұйымдастыру жоспарланып. Осы жылдың басынан шілде айына дейін 130 адам жолданып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды. 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар қатыса алатындығын хабарлаймыз.
“Күміс жас” жобасына қатысушылар үшін төленетін еңбекақы төлеуді жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мөлшерге сүйене отырып, нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайын жүзеге асырады:
-Қатысудың алғашқы 12 айындағы жалақы мөлшері-70%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.
-13 айдан бастап 24 айға дейін жалақы мөлшерінен-65% бірақ 30 АЕК-тен аспайды.
-25 айдан бастап 36 айға дейін жалақы мөлшерінен-60% бірақ 30 АЕК-тен аспайды.
Міндетті шарт:бағдарлама аяқталғансоң тұрақты жұмыспен қамтылуы тиіс.
Толық ақпаратты: «Түлкібас аудандық мансап орталығы» филиалынан біле аласыз.
Мекен-жайымыз:Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов к-сі, 318
 Тел: 8 (725 38) 52 864, 8 (725 38) 52 724

Пікір жазу