Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түлкібас ауданына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібай жауапты мамандармен арнайы келіп, аудан аумағындағы ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан білім беру мекемелерінің жұмысын бақылап, жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады. Ондағы білім ошақтарында жүргізіліп жатқан жұмыстармен жіті танысып, бірқатарына қатаң ескерту жасады. Алда тұрған міндеттерге жауапкершілікпен қарауды талап етіп, сапалы әрі дер кезінде аяқтауды тапсырды.
Бейсенбай Дәулетұлы Түлкібас ауданындағы жұмыс сапарын Састөбе кентінен бастады. Сол жердегі 1975 жылы пайдалануға берілген Макаренко мектебінде сыртын жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Бүгінгі таңда 1210 баланы орта біліммен сусындырып отырған білім ордасының бүгінгі таңда сыртын жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Қазіргі таңда мердігерді анықталып, келісім-шарт түзілуде. Содан соң сол елді мекендегі ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан Қарлығаш балабақшасына табан тіреп, атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылады. Шатырын ауыстыру, электр және су жүйесін жаңарту жұмыстары жүріп жатқан нысанды облыс әкімінің орынбасары жауаптылармен толық аралап шығып, жөндеу жұмыстарының сапалы болуын, әрі уақытында аяқталуын тапсырды.
Содан соң, Бейсен Дәулетұлы сол елді мекендегі ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан Қарлығаш балабақшасына табан тіреп, атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылады.
Шатырын ауыстыру, электр және су жүйесін жаңарту жұмыстары жүріп жатқан нысанды облыс әкімінің орынбасары жауаптылармен толық аралап шығып, жөндеу жұмыстарының сапалы болуын, әрі уақытында аяқталуын тапсырды.
Бұдан бөлек, Бейсен Дәулетұлы жуырда сыртын қаптау жұмыстары басталатын Балықты ауылындағы Рыбалко, Жаскешу ауылындағы С.Сейфуллин мектептерінде және сыртқы жөндеу жұмыстары қарқын алған Т.Рысқұлов ауылындағы Жанкент, Жабағылы ауылындағы Ә.Молдағұлова мектептері мен «Алтын ұя» балабақшасына арнайы ат басын бұрып, ол жердегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Аталған нысандары аралау барысында жұмыстың сапасын ерекше бақылауда ұстауды жауаптыларға ескерткен облыс әкімінің орынбасары балалар қауіпсіздігі, сыртқы және ішкі әжетханалардың және жылу жүйелері мен қазандықтардың жағдайына қатысты мектеп директорларына біршама тапсырмалар жүктеп, жаңа оқу жылына дейін реттеу керектігін атап өтті.

Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары Абайыл елді мекеніндегі медициналық тіректің құрылыс алаңына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыс барысын бақылады. Мердігермен сұқбаттасып, нысанның сапалы және белгіленген уақытта аяқтап ел игілігіне пайдалануға беруді тапсырды.

Пікір жазу