Бүгін Түлкібас ауданына арнайы келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қадірбек Мұрат Болатұлы аймақтағы ауылшаруашылығы және туризмды дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Бірінші кезекте, Амангелді ауылында орналасқан форель балығын өсірумен айналысатын «Амангелді» шаруа қожалығында болды.
Былтыр 13 бассейінге 45 мың форель шабағын жіберген кәсіпкер, бүгінгі таңда алғашқы өнімін Шымкент қаласына және аудан тұрғындарына келісін 3 мың мен 3 мың 500 теңгеден өткізіп отыр. Алдағы уақытта қожалық сазан, ақ амур және дөнмаңдай балықтарын да көбейтуді жоспарлауда. Бүгінгі таңда, сазан шабақтарының алғашқысын жасанды көлге жіберіп үлгерген.
Келесі кезекте, Сенатор Майтөбе ауылындағы «Мөлдір» шаруа қожалығына табан тіреді.
«Мөлдір» ЖШС 1999 жылы құрылған. 616 га жері бар. Оның ішінде: жүзім 203 га, алма 110 га, шие (черешня) 50 га, егістігі 253 га. 2015 жылы серіктестік 110 га жерге қарқынды алма бауын отырғызған, қазіргі мерзімге өнімін жинауда. Сондай-ақ, 2021 жылы Туркия мемлекетінен шиенің (черешня) мол өнім беретін көшеттерін алып келіп, 50 га жерге отырғызған. Бүгінгі таңда сыйымдылығы 3 мың тоннаны құрайтын жеміс-жидек сақтайтын қойма салу жоспарлауда.
Содан соң, Мұрат Болатұлы Түлкібас ауданындағы іссапарын «Түлкібас жеміс-жидектер» кооперативінде жалғастырды. Жалпы аумағы 2200 шаршы метрді құрайтын кәсіпкерлік нысанының іске қосылуына жоспарланған 1 млрд. 100 млн. теңге қаржының 122 млн. теңгесі – кәсіпкердің өз қаржысы, 350 млн. теңгесі мемлекеттік қайтарымсыз грант есебінен, қалғаны жеңілдетілген несие арқылы қаржыландырылуда.
Бұл жерде маусымында 3 мың тонна алмадан 0,2 литрлік 16 млн. 300 мың дана дайын ыдыстағы шырын, 90 тонна кептірілген жеміс, 100 тонна кептірілген алма ұнтағын және 50 тонна балалар тағамын (пюре) өндіру жоспарлануда. Кәсіпкер шикізатты да өзі өндірмек. Яғни, өзінің 360 гектар алма бауынан шыққан өнімінің сақтауға жарамай қалған бөлігін осы өндіріске жіберсе, қалғаның ауданымыздағы басқа да бағбандардан жинамақ. Қазіргі таңда негізгі нысанның құрылысы толығымен аяқталған. Алдағы күндері шатырын жабу және іші, сыртын әрлеу жұмыстары атқарылуда.
Өндіріс орны толық іске қосылған жағдайда, 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Мұрат Болатұлы Түлкібас ауданына іссапарын «Ақсу-Жабағылы» шипажайында тәмәмдады.
Бүгінгі таңда модернизациядан өтіп жатқан елімізге танымал емдеу-сауықтыру шипажайының жобасының жалпы құны 2 млрд.теңгені құрамақ. Ол жер заманауи емдеу-сауықтыру орындарымен қатар 250 төсек орынға шақталған 4 жұлдызды қонақ үй стандартына сай ғимарат бой көтеруде. Сөйтіп, шипажайдың адам қабылдау қабілеттілігі екі есе артып, 500 адамға дейін қабылдауға қауқарлы болмақ.
Сонымен қатар, жаңартылған шипажай заманауи құрылғылармен толығып, физиотерапия емдерінің түрлері артып, ағзаны саумалмен емдеу тәсілі қосылмақ.
Нысандарды аралау барысында Мұрат Болатұлы кәсіпкерлер тарапынан айтылған ұсыныстарды назарға алып, қолдау көрсетілетіндігін жеткізіп, жүргізіп жатқан істеріне сәттілік тіледі.
Сонымен бірге, Түлкібас ауданына арнайы келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қадірбек Мұрат Болатұлы аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру және тең қоғам» бөлімшесінің жұмысымен танысты.
Биыл қолданысқа берілген орталық қарттар мен зейнет жасындағы азаматтарға қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар, қартаю динамикасын төмендетуге бағытталған кешенді сауықтыру мақсатындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Қазіргі таңда аталмыш мекемеде 16 қызметкер жылына мың екі жүзден астам, тәулігіне 20-30 азаматқа дейін қызмет етуде.
Мұрат Болатұлы орталықтың қызметімен толық танысып болған соң, сол жерде аудандық мәслихат депуттаттарымен кездесу өткізіп, аймақтағы өзекті мәселелерді талқылады.
Атап айтсақ, халық қалаулылары тарапынан ауыл шаруашылығы, оның ішінде жер қатынастары саласы, аудан орталығын абаттандыруға республикалық бюджеттен қаржы қарастыру және тұрғын-үй қатынастары саласына қатысты, мемлекеттен берілген арендалық үйлерді күтіп-ұстау және жекешелендіру мәселесін жеткізді.
Көтерілген барлық мәселені басшылыққа алып, тиісті органдармен жұмыстар атқарылатындығын алға тартқан Мұрат Болатұлы, Сенат қабырғасында 8-ші шақырылымда қабылдандаған жаңа Заң жобаларының негізгілеріне тоқталып өтті. Ол жерде ана мен бала құқығы, лудамания және буллинг пен кибербуллинг сынды бүгінгі таңдағы қоғамдағы маңызды мәселелерді алдын алу бойынша қабылданған заңдар бар екендігін тілге тиек етті.