Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КІШКЕНТАЙ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КІШКЕНТАЙ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

‍♂️Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Конституция күніне» орай арнайы іс-шара ұйымдастырды. Ерекшелігі бұл жолғы рейд басқаша өтті,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек
Өйткені тәртіп сақшылары өздерінің кішкентай достарымен бірге жүргізушілерді тоқтатты. Көлік иелеріне мерекелік көңіл-күй мен тәтті шоколад тарту етті. Әдетте жүргізушілерге ескерту жасап, әкімшілік хаттама толтыратын полицейлер, бұл сәтте жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін айтып, мерекені ұлықтады.
Ал әрбір көлік тізгіндеген жүргізуші үшін бұл күтпеген тосынсый болды. Олар игі іске ат салысқан балалар мен полицейлердің әрекеттеріне таңданыстарын жасырмай, алғыстарын білдірді.
Возможно, это изображение 3 человека и ребенок
Яғни полицейлердің бұл бастамасын әрбір жүргізуші құптап, жол ережелерін бұзбауға және көлік тізгінінде мұқият болуға уәде берді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу