Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » СЕЙДУЛЛА АБДУЛЛАҰЛЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІП, ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

СЕЙДУЛЛА АБДУЛЛАҰЛЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІП, ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Еңбекші ауданы әкімінің аппаратының ұжымы Жұлдыз аумағы бойынша бас инспекторы Ибишев Сейдулла Абдуллаұлына құрмет көрсетіп, зейнетке шығарып салды,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан әкімі аппаратының ұжымы мерейтой иесіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында жемісті еңбек еткені үшін алғысын білдіріп, сый-сыяпат жасады.
Возможно, это изображение 2 человека
Ибишев Сейдулла Абдуллаұлы мемлекетік қызметте 20 жылдан аса қызмет еткен. Еңбек жолын сонау Сайрам ауданы «Коммунизм» ұжымшарынан бастап, ауыл округі әкімінің орынбасыры, кейінгі жылдары Еңбекші ауданы әкімі аппаратының Жұлдыз аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Қарабастау, Қаратөбе, Бадам, Бадам-2, Жұлдыз, Жалын тұрғын алаптарының өркендеуіне қосқан үлесі көп.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Сонымен қатар, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бас маманы Тасқараев Ербол Бекмұрзаұлы меритократия қағидаты бойынша Жұлдыз аумағы бойынша бас инспекторы қызметіне тағайындалды.
@esilbek_dosbol
@akimat.enbekshi
© Didarbek.kz

Пікір жазу