Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

⚜️ Конституция – саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің кепілі! Ата Заңымыздың бұлжытпай орындалуының арқасында еліміздің іргесі бекіді, халқымыздың татулығы мен тұрақтылығы нығайды, бейбітшілік пен келісімнің үлгісін көрсетіп, Қазақстан жүзден аса ұлт өкілдерінің аяулы атамекеніне айналды,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 6 человек, помост и текст
⚜️ Атаулы мереке қарсаңында аудандық «Мәдениет үйінде» салтанатты іс-шара өтті. Жиында аудан әкімі Азат Оралбаев, ауданның маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқаны үшін бірқатар азаматтарды алғыс хаттарымен марапаттады.
⚜️ Мерекелік шараға облыстық маслихат депутаты Ғ.Раймбеков, аудандық мәслихат депутаттары, облыстық бағынысты мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім саласының қызметкерлері, ардагерлер алқасы мен зиялы қауым өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
⚜️ Салтанатты шара аудандық өнер ұжымдары мен әншілерінің концерттік бағдарламасына жалғасып, патриоттық әндер шырқалды. Мәдениет қайраткерлерінің өнері көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу