Түркістан облысы мен қаласының дамуына сүбелі үлесін қосқан қаланың «Құрметті азаматы» Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевты еске алуға арналған футболдан ересектер арасында ашық біріншілік өтіп жатыр,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүбірлі жарыстың ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Футболдан өтіп жатқан біріншілікте Түркістан, Кентау, Сарыағаш қалалары мен Бәйдібек, Сауран, Жаңақорған аудандарынан келген 9 команда бақ сынасуда.
Іскер басқарушы, дарынды ұйымдастырушы бола білген Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевтың Түркістан облысының экономикасы мен әлеуметтік дамуына қосқан үлесі орасан зор. Талапшыл әкім, мемлекеттік істе қайталанбас қолтаңбасы бар азаматты бүгінде замандастары игі істерімен еске алды.
© Didarbek.kz