Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың бекіткен жоспарға сәйкес, бүгін аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында Заң бөлімі, ауылдық округ, кент әкімі аппараттары заңгерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай дөңгелек үстел өткізіп, Конституциямыздың баптары, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумде қабылданды. Конституция ең жоғары күшке ие Ата Заңымыз. Қалған барлық кодекстер, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі тиіс.
Конституциямыз ІХ бөлімнен және 99 баптан тұрады.
І бөлім – Жалпы ережелер.
ІІ бөлім – Адам және азамат.
ІІІ бөлім – Президент.
ІV бөлім – Парламент.
V бөлім – Үкімет.
VІ бөлім – Конституциялық Сот.
VІІ бөлім – Соттар және сот төрелігі. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
VІІІ бөлім – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.
ІХ бөлім – Қорытынды және өтпелі ережелер.
Конституциямыз адам мен қоғам өмірінің барлық салаларын қамтып, бүкіл заңнаманың іргетасы болып табылады.
Заман талабына сәйкес Конституцияға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Соңғы өзгерістер Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы енгізіліп, «Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады жəне бір адам бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ» деген нормалармен толықтырылды. Бұл мемлекетімізді демократияландыруға жасалған үлкен қадам.
Ата Заңымыз мүлтіксіз орындалып, Қазақстанымыз өркендей берсін.
© Didarbek.kz

Пікір жазу