Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » БІЛІМ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АРЫСТА 300 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА ОҚУ ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

БІЛІМ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АРЫСТА 300 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА ОҚУ ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жайдары жаздың үш айын қызықты да мазмұнды өткізіп, жиған білімдерін одан әрі тереңдете түсу үшін барша қазақстандық оқушылар алтын ұя мектептеріне қайта оралып, жаңа оқу жылына қадам басты. Міне, осындай алғашқы қоңырау салтанаты Арыста да ерекше аталып өтті,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 8 человек
Әсіресе, И.Журба атындағы мектеп шәкірттері биыл 1 қыркүйек – Білім күнінде қос қуанышын қабат тойлады. Біріншісі – көптен күткен білім күні болса, екіншісі – өздері оқитын білім ошағы жаңа кейіпке еніп, жаңадан қосымша 300 орындық оқу корпусының ашылғандығы.
Оқушылардың қуанышымен бөлісуге қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, қалалық Білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысып, оқушыларға ыстық лебіздерін жеткізді.
Игі шарада Әнұран шырқалып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтерілді. Биыл қаламызға қарасты 37 мектепте 20 мыңға жуық оқушы тәрбиеленсе, оның 1210 бүлдіршін мектепке алғаш қадам басты. Қолдарына «Әліппесін» қыса ұстаған олар «мектеп» атты кеменің жолаушылары атанды. Шара барысында жиынның сәнін кіргізіп, бірінші және он бірінші сынып оқушылары күміс қоңырауды сыңғырлатты. Шаттық пен ыстық сезімдерге толы бұл күн мектеп оқушылары үшін ерекше есте қалғаны анық.
Возможно, это изображение 8 человек, толпа и текст
Айта кетейік, 1037 оқушы білім алатын И.Журба мектебінде 95 ұстаз еңбек етеді. Биылғы оқу жылында 96 оқушы осы оқу орнының табалдырығын алғаш аттады. Оқушы саны артуына байланысты жаңадан пайдалануға берілген 300 орындық оқу ғимараты толықтай заманауи үлгіде жабдықталған. Үш қабаттан тұратын ғимаратқа жылы су жүйесі, ойын және спорттық алаңшалар орнатылған. Барлық оқу кабинеттері жаңа парта-стөлдермен, интерактивті тақталармен, оқу-әдістемелік құралдармен, ішкі әжетханалармен жабдықталған.
© Didarbek.kz

Пікір жазу