Жалпы Түлкібас ауданында 196 бюджеттік мекеме бар. Оның 78-і білім беру саласына қатысты. Аталған білім беру мекемелерінің 77-і табиғи газбен қамтылған болса, 1-і ғана Иірсу елді мекенінде орналасқан мектеп қатты отынмен жылынады. Бүгінде барлық мемлекеттік мектептің жаңа жылу беру маусымына дайындау мақсатында, ондағы жүйелерін қысымдау және жуып-шәю жұмыстары жүргізіліп, қазандықтарын толық тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында аудандық ТҮКШЖК және АЖ(ЖКХ) бөлімінің басшысы М.Телғараев мәлімдеді.
Нұржан Жақсылықұлы күн тәртібіндегі басты мәселе бойынша білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет саласына жауапты басшыларына өздеріне қарасты нысандардың жылу жүйесін егжей-тегжейлі тексеріп шығып, нәтижесін баяндауды тапсырды. Газ кірмеген әлеуметтік нысанға көгілдір отынды жеткізу мақсатында жұмысты барынша жандандыру керектігін жеткізді.
Бұдан бөлек лездемелік жиында әлеуметтік желідегі жарияланған сыни материалдар және ауыл-аймақтың тазалығы қаралды.
Жалпы тамыз айында әлеуметтік желіде ауданға қатысты 27 сыни мақала жарық көрсе. Соның 19 тиісті бөлім немесе округ әкімдігі тарапынан жауап берілген. 8-і жауапсыз қалған немесе кеш жауап берілген.
Бұл бойынша Нұржан Жақсылықұлы жауап бермеген тиісті мекеменің басшыларын жеке-жеке тұрғызып, қатаң ескерту жасады. Тұрғындар көтерген әрбір мәселе жауапсыз қалмау керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, аудан басшысы тазалық жұмыстарына қатысты біршама әкімдерге сын-ескертпе жасап, ретке келтіруге мерзім белгіледі.