Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » БІРЛІГІ БЕКЕМ АБДУЛЛАЕВТАР ЖАНҰЯСЫ

БІРЛІГІ БЕКЕМ АБДУЛЛАЕВТАР ЖАНҰЯСЫ

Бірлігі бекем Абдуллаевтар жанұясы – елге сыйлы, көпке үлгі отбасылардың бірі,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде мұнда болашағынан зор үміт күттіретін 5 ұл 4 қыз тәрбиеленуде.
Балалардың әкесі Абдуллаев Жора – Шымкент қаласы Полиция Департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың взвод командирі, полиция майоры. Ішкі істер органдарында 2009 жылдан бері қызмет етеді.
Отағасы қызметте қырағы сақшы, отбасында қамқор әке, өмірде өте қарапайым азамат. Ал, үйдегі жеңгеміз ақ халатты абзал жан. Алтын алқа иегері.
Осы кісілердің бір-біріне деген шексіз құрметі мен кіршіксіз махаббатының арқасында, елге адал қызмет ететін, білімді әрі тәрбиелі жас ұрпақ өсіп келеді.
Мерейлі отбасыға бақыт, байлық, денсаулық тілейміз! Келе жатқан Отбасы күні құтты болсын!
© Didarbek.kz

Пікір жазу