Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖАҢА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕ АМАН ҚАЛДЫ

ЖАҢА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕ АМАН ҚАЛДЫ

Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентхана бөлімінде 28-шілде күні 27-апталық бала дүниеге келді,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Туылған кезде салмағы не бәрі 970-грамм болған. Жарық дүние есігін ашқан сәбидін жағдайы өте ауыр болған. Дәрігерлердін айтуынша сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Туа біткендегі ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте протокол бойынша жансақтау бөлімінде толық емін алып шыққан.
«Өкпені жетілдіруге арналған препараттар, антибиотиктер, ағзаның өсуіне қажетті инфузионды терапия арқылы ем жүргіздік. Өмірінің 38-тәулігінде жағдайының тұрақты болуына байланысты нәрестелер потология бөліміне ауыстырдық», — дейді №2 қалалық ауруханасының дәрігер-неонатологі Қаракөз Асқарқызы.
Қазіргі таңда ана мен баланың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Ал баланың салмағы болса 1512-граммға жеткен. Бала өздігінен дем алудa.
© Didarbek.kz

Пікір жазу