Шымкент қаласы әкімдігінде кезекті рет азаматтарды бірыңғай қабылдау өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков және орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрғындардың баспана, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және жер мәселелеріне қатысты арыз-шағымдарын қарастырды.
Жауаптылар барлық өтініштер бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ғ.Сыздықбеков жауаптыларға азаматтармен кері байланысты күшейтіп, бірқатар тапсырмалар берді.
© Didarbek.kz