Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізіп, өтініштерін тыңдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке қабылдау барысында азаматар тұрғын үй кезегі, тұрақты жұмыс, әлеуметтік көмек, жер телімі құжаттарын рәсімдеу және т.б. жәрдем түрлеріне қатысты сауалдарын қойып, қаланы дамыту бойынша өз ұсыныс-тілектерін білдірді.
Қабылдауға алдын ала жазылған 20-ға жуық тұрғынның шағымдары толығымен тыңдалды және ұсыныстары да ортаға салынды. Жалпы айтқанда, қабылдауға жазылған азаматтар тарапынан көптеген арыз-шағымдар да, өтініштер де, ұсыныстар да тыңдалды.
Шаһар басшысы барлығын сараптай, саралай келе, баршасына толықтай жауабын берді. Шешімі бар мәселелерге қатысты жауабын сол жерде берсе, кейбірін өзінің орынбасарлары мен жауапты бөлім басшыларына заң аясында шешуге тапсырма жүктеді.
© Didarbek.kz