Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚЫЗЫЛКӨЛ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ІШКІ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ЖАБЫНДЫСЫ ТӨСЕЛУДЕ

ҚЫЗЫЛКӨЛ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ІШКІ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ЖАБЫНДЫСЫ ТӨСЕЛУДЕ

Aудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қызылкөл елді мекеніне барып, ішкі көшелеріне салынып жатқан жолдың сапасымен танысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда елді мекеннің жалпы ұзындығы 2 шақырымға жуық Қ. Төлеуов және Л. Бөкеноа көшелерінде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүруде.
Возможно, это изображение текст
Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдескен аудан басшысы жолдың сапасына қатысты нақты талаптар қойды. Ол бойынша жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеп, жасалып жатқан жұмыстарға мұқият қарауды ескертті.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан облыстық маңызы бар «КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Шолаққорғаннан Ыбырайға дейінгі 83 шақырымы, «КХ-57 Созақ-Қарағұр-Бақырлы» автомобиль жолының Созақтан Қарағұрға дейінгі 30 шақырымының жөндеу жұмыстары аяқталып, «КХ-56 Жамбыл облысының шекарасынан-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» Шолаққорғаннан Құмкентке дейінгі автомобиль жолының 39 шақырымына асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жақын күнде аяқталады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу