Бүгін аудан аумағында әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшылығы және криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе Полиция басқармасында профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жеке дара кездесіп, олармен профилактикалық тұрғыда әңгіме жүргізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басты мақсат — есепте тұратын азаматтардың бостандыққа шыққаннан кейін қайта құқықбұзушылық жасауға жол бермеу.
Кездесу барысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар санатымен есепке тұрған тұлғалардың қазіргі кездегі әлеуметтік ортаға бейімделуіне, отбасылық жағдайы мен жұмысына байланысты сұрақтар қойылды. Есепте тұратын азаматтарға құқықтық кеңес берілді.

Учаскелік инспекторлар тұрақты түрде есепте тұратын азаматтардың мекенжайына барып, тұрмыс тәртібінде бақылау жасап, әлеуметтік көмектер де көрсетуде.
© Didarbek.kz