Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТІҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ КӨПБАЛАЛЫ ӘРІПТЕСІНІҢ ЖАНҰЯСЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ КӨПБАЛАЛЫ ӘРІПТЕСІНІҢ ЖАНҰЯСЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, кез келген зиялы қоғамның діңгегі, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сыйластық пен мейірімнің ордасы болған шағын мемлекетте тәлім беріліп, өмірлік көзқарас қалыптасады.
Бүгін осындай үйлесімділік салтанат құрған шаңырақтардың біріне қалалық полиция департаментінің бастығы Думан Таев ат басын бұрып,
айтулы мерекемен арнайы құттықтап қайтты.
Шаңырақ иесі — Асылбек Жолдасов департаменттің айдауыл қызметі взводының қызметкері. Ал жұбайы Айханым Жанысбаева — кітапханашы. Екеуі де жауапкершілігі мол мамандық иелері.
Отауласқандарына 15 жылға жуықтаған ерлі-зайыптылар қазіргі таңда 7 ұл-қыз тәрбиелеп, көпбалалы отбасы атанып отыр.
Полиция аға сержанты Асылбек Пернебекұлы жұмысында жоғары іскерлік және адами қасиеттері үшін әріптестері арасында зор абырой мен құрметке ие. Ішкі істер саласында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады.
Ісіне берік маман үйінде — мейірімді әке, сүйікті жар, өзін алға сүйрейтін — отбасының қолдауы.
Полиция генерал-майоры Думан Әшкенұлы көпбалалы отбасыға құрмет көрсетіп, мерекелерімен құттықтап, шаңырақтарына бақ-береке тіледі.
© Didarbek.kz

Пікір жазу