Аудан әкімінің орынбасары М.Ажедин аудан аумағындағы Ынтымақ-2 шағын ауданының батыс бөлігінде құрылысы жүргізіліп жатқан асфальт, аяқ жол және жарықтандыру жұмыстарын бақылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері бойынша тұрғын үйлерге кіріп шығу кезіндегі аяқ жолдың сапалы жасалуын тапсырды.
Бүгінгі таңда Ынтымақ-2 ш.а батыс бөлігінде 8 көшеде асфальт төсеу және 8 көшеде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
© Didarbek.kz