Алатау батыр ауылдық округінде екі қабатты “Тамара” құрылыс дүкені ашылып, пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шардара Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауылдық округтегі жеке кәсіпкер Ештаев Абзал Ибадуллаұлы құрылыс дүкенін кеңейтіп заманауи жабдықтармен құрылысқа қажетті барлық материалдармен қамтамасыз етілген дүкенін салтанатты түрде ашты. Оған ауыл округінің әкімі М.Акжаров, жергілікті қоғамдастық төрағасы Ж.Сейділдаев ауыл ақсақалдары мен ел ағалары қатысты.
Кәсіпкер 5 адамды жұмыспен қамтып, дүкенге ауданның бірнеше ауыл округтерінен тұтынушылар құрылысқа қажетті заттарын алып жатқанын айтты.
Жалпы Алатау батыр ауылдық округінде 40-қа жуық шағын және орта кәсіптік нысан бар.
© Didarbek.kz