Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нурлыбек Асылбеков «AMANAT» партиясында азаматтарды жеке қабылдады. Қаланың бас дәрігеріне тұрғындар денсаулық мәселелері бойынша өз шағымдарын жеткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрлыбек Абибуллаұлы қоғамдық қабылдауда ерекше баласы бар азаматшаны ң мәселесін тыңдады. Басқарма басшысы қызының сырқатына байланысты анасына қажетті көмекті ұйымдастыру үшін неврапотолог,нейрохирург,ортопед, травматолог т.б бейінді дәрігерлерден құралған консилиум ұйымдастыруға сала мамандарына тапсырма берді.
Сондай-ақ басқарма басшысы созылмалы жүрек аурумен есепте тұратын азаматшаны қабылдады. Тұрғынның мәселесі мүгедектікке шығу және шипажайға жолдама алу. Басқарма басшысы бұл жұмыстар бойынша тиісті мекемелердің құзыретін түсіндірді.
Нұрлыбек Асылбеков азаматтардың проблемаларын мұқият тыңдап, әрқайсысына жеке көңіл бөлді. Қаланың бас дәрігері мәселелерді шешу үшін заң аясында қажетті шараларды қабылдауға уәде берді. Басқарма басшысы денсаулық сақтау мекемелеріне дереу хабарласып, азаматтардың шағымдарын қарастыруды және олардың мәселелеріне назар аударуды қамтамасыз етуді тапсырды.
© Didarbek.kz