“Таза Қазақстан” экологиялық шарасы аясында, аудан көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбілік барысында орталық көше бойлары мен елді мекен айналасы, автожол бойлары, арық-атыздарды қоқыстардан тазарту, шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.
Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына аудан көлемінде 300 ге жуық адам, 4 техника жұмылдырылып, 4 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы орындарға жеткізілді.
Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады және барлық аудан тұрғындарын сенбілікке белсене қатысуға және тазалық сақтауға шақырамыз!
© Didarbek.kz