Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » КЕНТАУДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

КЕНТАУДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары басталып жүргізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Кентау Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 6 человек и текст
Қала әкімі Жандос Тасов ауылда атқарылып жатқан құрылыстардың жұмыс барысын бақылады.
Алдымен ауылдағы осы сәтке дейін өзекті мәселеге айналған 300 орынды мәдениет үйінің құрылысына барды.
Жалпы, 2016 жылы жобалау-сметалық құжаттамаға қайта түзету енгізіліп, 2023 жылы сараптама қорытындысы алынған. 2024 жылға «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Республикалық бюджеттен қаржы қаралып, жеңімпаз мердігер – «РСУ-1» ЖШС-гі құрылысты бастап кетті. 2 қабаттан тұратын ғимарат 300 адам сыймдылығына арналған. Соңғы заманауи жабдықтармен қамтылу жоспарланған. Бүгінгі таңда, іргетас құю жұмыстары жүргізілуде.
Возможно, это изображение 4 человека
«Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарнақ ауылында жол негізін әзірлеу жұмыстар басталды. Орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған нысандар биылғы жылдың қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, бұл нысандар келесі жылға өтпелі болып табылады.
Құрылыс жұмыстарын қараған қала басшысы, әрбір құрылыс бақылауда болатынын атап, әрі сапалы, әрі уақытылы атқаруды тапсырды.
Возможно, это изображение 1 человек
Айта кетейік, Байылдыр, Қарнақ ауылындағы 14,5 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
© Didarbek.kz

Пікір жазу