Күн тәртібінде отбасының цифрлық картасында тұрмысы төмен отбасылардың санын төмендету бойынша атқарылған жұмыстар, табиғи газбен қамту құрылысы мен абоненттердің қосылу барысы, жылыту маусымына дайындық жұмыстары талқыланды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, АЭС салу бойынша өтетін жалпыұлттық рефрендумды өткізуге заң талаптарына сәйкес дайындық жұмыстарын үйлестіру мәселелері қаралып, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын назардан тыс қалдырмау ұсынылды. «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыру акциясының белсенділігін арттыру бойынша сенбілік жұмыстарын жандандырып, барлық коммуналдық мекемелердің жұмысы жоспарлы және тиянақты жүруін міндеттеді.
Мәжіліс соңында аудан басшысы баяндалған жұмыстар негізінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуы өз тарапынан жіті бақылауда болатынын жеткізді.
© Didarbek.kz