Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АРМАН СӘБИТОВ: «НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІП, НАҚТЫ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ»

АРМАН СӘБИТОВ: «НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІП, НАҚТЫ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ»

Аудан әкімі Арман Сабитовтің төрағалығымен кезекті рет аппараттық мәжіліс өткізілді. Күн тәртібінде екі мәселе көтерілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сайрам Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 15 человек
Алдымен Сайрам Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшсының орынбасары Ақылбай Жақыпбеков Сайрам ауданында «Отбасының цифрлық картасы» АЖ-нің деректерін өзектендіру бойынша баяндады. Атап айтқанда, «Отбасының цифрлық картасы» АӘЖ-нің әл-ауқат деңгейі, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласының, ауыл шаруашылығы салаларындағы ОЦК деректерін өзектендіру нәтижелеріне жан-жақты талдау жүргізді. Бұдан бөлек, «Д» және «Е» санаттағы отбасылардың санын төмендету бойынша тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.
Бұдан кейін аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева Сайрам ауданының 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларының меморандум көрсеткіштерінің орындалуы туралы баяндама жасады. Әрбір бөлім бойынша 8 айдағы индикаторлардың орындалуына талдау жасап, көрсетілген нәтижелерге тоқталды.
Возможно, это изображение 1 человек
Басқосу барысында аудан басшысы аталған санаттағы азаматтардың деректерін өзектендіру бойынша ауылдық округтерде жұмысшы топтарының құрамы жасақталып, арнайы бекітілген мамандар жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды. Және кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері ауылдық округ әкімдерімен бірлесе мемлекеттік бюджет және жеке инвестиция есебінен жүргізіліп жатқан нысандардың статистикалық есептілігін (1КС, 1Инвест) тапсырылуын қамтамасыз етуді, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 3 тоқсанға жоспарланған мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуын бақылауға алуды, аудандық «Ветеринариялық қызметі» МКК-ның Сайрам аудандық филиалы қыркүйек айында Қарабұлақтағы Беккери шұңқырын пайдалануға тапсыруды, ал жыл соңына қалған 2 мал тоғыту орындарының құрылысын аяқтау қажеттігін айтты.
Возможно, это изображение 5 человек и люди учатся
Сондай-ақ, салалық бөлім басшыларына 9 ай қорытындысымен меморандумда бекітілген барлық индикатор жоспарының орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.
Жиын соңында аудан әкімі Арман Сәбитұлы жауапты қызметкерлерге мал сою орындарына қатысты өзекті тақырыпты тағы бір пысықтады. Бұл мәселеге айрықша назар аудара отырып, нәтижелі жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты.
© Didarbek.kz

Пікір жазу