Aудан басшысы Арман Абдуллаевтың төрағалығымен ауданның экономикалық дамуы бойынша мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов, ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысы Ғ. Мейманбаев , аудандық статистика басқармасының басшысы Ғ.Нұрбаев , ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А. Амирхановтар қатысып, негізгі экономикалық көрсеткіштерді баяндады.
–Ауданның экономикалық көрсеткіштерді жақсарту бағытындағы индикаторларды 100 пайыз орындалуы тиіс. Жаңа жұмыс орындары мен кәсіпорындар ашуға басымдық берілсін. Құрылыс, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы жұмыстар күшейтілгені жөн. Әр экономикалық көрсеткіштер туралы сандардың артында тұрғындардың, өңірдің әлеуметтік мәселесі тұр, – деді Арман Абдуллаев.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі орынбасары Н. Талиповқа әр сала бойынша тұрақты бақылау жүргізуді. Жалпы,аудандағы көрсеткіштер жоспарға сай орындалу бойынша жұмыстарды ширатуды бөлім басшыларына тапсырды.
© Didarbek.kz