Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласы 2024 жылы – Түркі әлемінің туристік астанасы атанып отыр. Осыған орай, рухани шаһарда «Жемқорлықсыз болашақ» ұранымен 2009-2015 жылғы жасөспірімдер арасында үстел теннисінен ашық біріншілік өтіп жатыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 8 человек, люди играют в баскетбол и текст
Спорттық жарысқа Қызылорда, Шымкент, Жетісай, Сарыағаш, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Төлеби аудандарынан 300-ге жуық спортшылар келді.
Сайыстың ашылу салтанатына қатысқан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Әсілбаев пен «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Әнуар Сәрсенбаев спортшыларға сәттілік тіледі. Ал жиында қонақ болған қаланың құрметті азаматы, бірінші дәрежелі үстел теннисінің жаттықтырушысы Оразбек Божбанбаев қатысушыларға өз тәжірибесімен бөлісіп, жетістікке жетудің сырын жеткізді.
Возможно, это изображение 5 человек, ребенок и текст
Аудан, қалалардан келген талатты спортшылар 15 қыркүйекке дейін үстел теннисінен бас жүлдені сарапқа салады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу