Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » КЕЛЕСТЕ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР АТҚАРЫЛУДА

КЕЛЕСТЕ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР АТҚАРЫЛУДА

Су тасқыны, су басу – болжап болмайтын салдарға әкелуі мүмкін қауіпті табиғи құбылыс, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Келес Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол ауа райы температурасының кенет көтерілуі, қардың қарқынды еруі, нөсер жаңбыр, қума жел, мұздың кептелуі өзен, көлдегі судың көтерілуі нәтижесінде бірталай жер су астында қалуы.
Возможно, это изображение трава
Осы орайда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне құзырлы мекемелермен бірлесіп, аумағындағы қауіпті учаскелер мен гидротехникалық құрылыстары зерделеп, қажетті шаралардың қабылдауды тапсырған болатын.
Берілген тапсырма негізінде Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың бастамасымен аудандағы су басу қауіпі бар аймақтар зерделеніп, су тасқынына дайындық іс-шаралары жүргізілуде. Атап айтқанда Ақтөбе ауылдық округінің Ғани Мұратбаев, Қаратөбе және Көкбұлақ елді мекендерінің аумағындағы қашыртқыларды тазалау, қыстың күні жауын-шашын, қар еріген уақыттағы топан су басатын қауіпті аймақтарға түсіргі істеліп жатыр.
Возможно, это изображение 4 человека
Алдағы уақытта Келес ауданы әкімдігіне қарасты су шаруашылығы мекемесінің теңгеріміндегі шынжыр табанды техниканың көмегімен өңірдегі қауіпті аймақтарда аталған жұмыстар жалғасатын болады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу