Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ АУРУХАНА БАЗАСЫНДА ГОСПИТАЛДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ АУРУХАНА БАЗАСЫНДА ГОСПИТАЛДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

Шымкентте алғаш рет аурухана базасында госпиталдық фармация бөлімшесі ашылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек, отдел новостей и текст
Қалалық балалар клиникалық аурухана базасында ашылған жаңа бөлімше қажетті медициналық жабдықтармен, медициналық және ламинарлық шкафтармен, ротациялық орау машинасымен жабдықталған.
Бөлімшенің басты міндеті дәрілік заттарды уақтылы, сапалы дайындау және пневматикалық пошта арқылы медициналық ұйымның клиникалық және пара-клиникалық бөлімшелеріне жеткізу болып табылады.
Возможно, это изображение 1 человек и больница
“Денсаулық сақтау саласы Шымкент қаласында балалар ауруханасында үлкен жетістіктерге жеттік деуге болады. Бұл бөлімшеге біз біраздан бері осыған жетеміз деп жүргенбіз, бұл бөлімше дәріні тиімді рационалды пайдалануға керек. Өйткені осыған дейін дәріні әр баланың салмағына, балаға керектігіне байланысты дәрігер тағайындайды. Ал тағайындаған кезде дәрінің 20мл немесе 50 мл болуы мүмкін, сол дәрінің кеп бөлігі пайдаланылмайды, өйткені дәріні бір ашқаннан кейін стерильді препарат болғаннан кейін болмайды. Ал енді қазіргі енгізіп жатқан жүйе тиімді пайдаланып бір емес екі балаға,үш балаға тиісті сақтай отырып пайдалануға жол береді. Енді бұл өздеріңіз көріп отырсыздар пневмопочта
дегенді пайдаланып жатыр , адамның араласуы азаяды. Өйткені жаңағы контенті мына дерде дайындалып, дозаға бөлініп , шприцтерге салынады. Пнемопочтаға салып жібіріді ма , 10-15 секунд ішінде бөлімшеде пайдаланылады. Ең бастысы қала әкімі Ғабит Әбдімажитұлы келгелі дәріні де бюджетті де тиімді,ұтымды пайдалануға тапсырма беріліп отырған. Биылғы жылы 6 медициналық ұйымды госпиталдық фармация бөлімімен қамтамасыз етеміз деген жоспарымыз бар”-дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нурлыбек Асылбеков.
Возможно, это изображение 1 человек и больница
Қаланың ауруханаларында госпитальдық фармация бөлімшесін ашу нәтижесінде дәрілік заттарды ұтымды пайдалану есебінен бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге болады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу