Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, Түлкібас ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімшесінің басшысы А.Уркембаев және бөлімшенің бас инспекторы Г.Шултаев Машат ауылдық округ әкімінің аппарытының қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Қоғамдық бақылау барысында Машат ауылдық округ әкімінің аппарытында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мекеменің ғимаратына кіруге қолайлы жағдай жасалған, яғни арнайы шақырту батырмасы бар, пандус орнатылған.
Мекемеге келген қызмет алушыларға электронды түрде қызмет алуына «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылған. Бұл өз кезегінде халық арасында қызметтерді электронды нысанда алу жөнінде насихаттау жұмыстарының үздіксіз жүргізілуінің нәтижесінде электронды түрде қызмет алу үлесінің өсуіне ықпал етуде.
Аталған іс-шара барысында қызмет көрсету сапасына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, нәтижесінде мекеме басшысына тиісті ұсыныстар берілді.
Жұмыс тобының мүшелері тарапынан алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жүргізілетін болады.