«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес, Түркістан қаласы тұрғындарын мәселелері бойынша қабылдау кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгін Түлкібакс ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан тұрғындарына кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдауда бір азамат Келтемашат ауылдық округінен балық шаруашылығын дамытуға жер телімін заңдастыру мәселесімен жүгінсе, аудан орталығынан келген зейнеткер ана жер кезегінде тұрған балаларының өтінішін қанағаттандыру мәселесімен жүгінді.
Әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған Нұржан Жақсылықұлы, өтініштеріне толыққанды жауап берді.
Келтемашаттағы мәселені жауапты мамандарға егжей-текжейлі зерделеп, шешім қабылдауды ескертсе, аудан орталығынан келген азаматшаға жер телімі Заң аясында кезекпен берілетінің жеткізді.
Бұдан бөлек тұрғын-үй, әлеуметтік мәселемен тұрғындар өтінішін білдіріп, аудан басшысы тарапынан қанағаттанарлықтай жауап алды.
Айта кетерлік, өткен жылдардан өтпелі болып аудан орталығы Бақыбек мөлтек ауданында жер кезегінде тұрған азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында 66 гектар жерге су және электр желісін тарту жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда газ тарту жұмыстары қалып отыр. Бұл жұмыстар аяқталғаннан соң 180 жер телімі кезекте тұрған азаматтарға бекітілген заңнамаға сәйкес берілетін болады.