Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ӨТЕДІ

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ӨТЕДІ

Бүгінде еліміз бойынша статистикалық мәліметтерге сүйенсек, он қазақстандықтың тоғызында несие бар. Соның ішінде 1 млн.200 мың қазақстандықтың несиесін төлеу мерзімі 90 күннен асып кетіп, есеп-шоттары бұғатталған. Дәл сондай проблема Түлкібас ауданында да жетерлік. Мәселен, аудан бойынша 1800 адам несиесін уақытылы төлемей, есеп-шоттары бұғатталған.
Бұл туралы бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Аманат» партиясының аудандық филиалының ұйытқы болуымен өткен кездесуде «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасының Түлкібас ауданындағы сарапшысы Ш.Айхожаев мәлімдеді.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Нұрлыбай, «Аманат» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жүнісов, ауылдық округ, кент әкімдері, дербес бөлім басшылары мен мекеме басшылары, мектеп директорлары қатысты.
Жоғарыда айтып өткендей, аудан көлемінде несиесін төлей алмай жүрген 1800 жерлесімізбен алдағы уақытта жоба аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл жерде аталған азаматтарды тізім бойынша жергілікті ауылдық округтің әкімдік мамандары арнайы шақыртып, жоба сарапшылары тарапынан ҚР бекітілген заңнамаларына сүйене отырып, тығырықтан шығу мақсатында құқықтық көмектер берілетін болады.

Пікір жазу