Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНДА «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР» КҮНІНЕ ОРАЙ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

САЙРАМ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНДА «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР» КҮНІНЕ ОРАЙ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Сайрам ауданы Мансап орталығы және Жастар реурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп, «12 тамыз — Халықаралық Жастар Күніне» орай, аудан жастарына арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Аталған жәрмеңкеде «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ә.Төлегенов пен Мансап орталығының директоры А.Казанкапов, аудандық мәслихаттың депутаты Д.Анартаев және Сайрам ауданының ауданаралық мәжбүрлетіп орындату аумақтық бөлімінің басшысы Е. Киргизов жұмысқа жүгінген жастарға ауданда 24 жұмыс берушіден 68 бос жұмыс орны бар екенін атап айтты.
 Жастар арасында жұмыссыздықты азайтуға бағытталған жәрмеңкеге жалпы 43-ке жуық жас қатысып, оның ішінде, 22 жасқа «Жастар практикасы», бағдарламасымен жолдама берілді.
 Жұмысқа жолдама алған жастардың көңілі керемет қуанышқа кенеліп, өз кезегінде, жәрмеңкені ұйымдастырушыларға ақжарма алғыстарын айтты.
 Айта кетейік, «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелері алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Пікір жазу