Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

САЙРАМ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Сайрам ауданы Мансап орталығы ғимаратында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы мен аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен, мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Аталған іс-шарада 23 жұмыс беруші тарапынан 43 бос жұмыс орындары ұсынылды. Бүгінгі жәрмеңкеге 30-дан астам адам қатысты. Оның ішінде, 3 азамат тұрақты жұмысқа, 1 азамат «Күміс жас» жобасы бойынша жолдама алды.
Жолдамаға қолы жеткен азаматтар айрықша қуанып, жәрмеңкені ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Айта кетейік, «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелері алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
Жәрмеңкеге қатысқан жұмыс іздеуші азаматтар еңбек қатынастары, еңбек нормалары, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыс беруші мекемелермен сұхбат жүргізді.
Сонымен қатар, субсидияланатын жұмыс орындарына («Жастар практикасы», алғашқы жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, «Күміс жас» жобасы) қатысу тәртібі түсіндіріліп, бағдарламаға қатысуға шақырылды.

Пікір жазу