Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде ұдайы айтып, тиісті тапсырмалар беріп келеді.⠀
Осы орайда,  Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен Сайрам ауданында 2024-2025 жылдары жеке инвестиция есебінен іске асатын жобаларды жүзеге асыру бойынша жиын өтті.
Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары және жеке инвесторлар қатысты. Өз кезегінде, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бахадир Олжаев аталған тақырып аясында баяндама жасады.
Баяндама барысында жобалар мен жұмыс орындарының сандық көрсеткіштеріне және инвестициялық құнына тоқталды. Сондай-ақ, «NURYM GROUP» ЖСШ құрама жем зауыты мен ЖК УБАЕВ ауыл шаруашылығы жануарларын сою кезінде қалған қосалқы өнімдерін (қан, сүйек, ішек қарын) қайта өңдеу құрылысының, «МЕAT MAGNAT» АШ ӨК 10 000 мал басына арналған заманауи бордақылау алаңы, мал сою цехы, салқындатқыш қоймалар, тоңазытқыш камералар және ет өңдейтін цехтың, «GЕN GROUP KAZAKHSTAN» ЖШС жылыжай кещенінің, «Bunker» сауда, ойын-сауық кешенінің, «KUZOV KARABULAK» ЖШС автобөлшектер шығаратын, тағы басқа көптеген кәсіпорындардың қазіргі жағдайына тоқталды.
Кәсіпкерлермен кездескен аудан әкімі Арман Сәбитұлы тиісті сала басшыларына оларға қолдау танытуды тапсырды.

Пікір жазу