Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте бұл жөнінде Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов мәлімдеді.
Сондай-ақ, бөлім басшысы инвестициялық жобаларды тарту бойынша атқарылған жұмыстар мен көрсеткіштерге тоқталды. Қазіргі таңда, «Туристік қызмет туралы» заң аясында мемлекеттік қолдау шаралары заңдастырылып, бизнес нысандарын ынталандыру шаралары қарастырылған. Баяндамашының мәлімдеуінше, қонақ үйлерді салу кезінде мемлекет тарапынан төленетін инвестициялық шығындардың 10 пайызы қала кәсіпкерлеріне жаңа жобаларды бастауға серпін берген.
Күн тәртібіндегі кезекті мәселе бойынша Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев сөз алып, тұрғын үй кезегіне жүргізілген түгендеу шараларының нәтижесін ұсынды. «http://xn--ezekte-2pf.kz/» электронды базада тіркелген 455 азаматтың жеке тұрғынжайы анықталған, оларды тұрғын үй кезегінен шығаруға негіздеме әзірленуде. Қазіргі таңда Түркістанда тұрғын үй қорында 17576 азамат тіркелген.
Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Арман Оспан өз кезегінде Яссы тұрғын алқабындағы Қазтуған жырау, Шалкиіз жырау, Марқасқа жырау және Әйтеке би көшесінің бұрылысында асфальт жабындысы толық басылғанын, Жиенбет жырау, Ақтанберді жырау, Сарқырама көшелерінде жол негізі әзірленіп басталғанын, орташа жөндеу жоспарланған өтпелі нысандар бойынша, бүгінде 132 көшенің 94 көшесінде жұмыс нақты аяқталғанын мәлімдеді. 38 көшеде жұмыс жалғасуда. Инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы салдарынан қазылған көшелерді қалпына келтіру мақсатында 66,6 шқ құрайтын 98 көшеге тас төсеу көзделіп, 13,9 шқ құрайтын 15 көшеде жұмыс аяқталған, 52,7 шқ құрайтын 83 көшеде жалғасуда.
Қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Мұратовтың баяндауынша, қала аумағындағы жолдарды кезекті тексеру барысында әуежай тас жолы бойында орналасқан аялдамалардың алдындағы кәріз жүйесінің темір жабындылары ұрланғаны анықталған.
Аталған жол бойында 8 аялдамадан жалпы саны 24 темір жабындысы қолды болған. Бұл бойынша тергеу бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, Криминалды полиция бөлімімен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, ортақ пайдалану орындарын ластау дерегі бойынша ӘҚБтК 434-2 бабымен — 214 хаттама, абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша ӘҚБтК 505-бабымен — 43 хаттама, жол жабындысын бүлдіру дерегі бойынша ӘҚБтК 630-бабымен 9 хаттама толтырылып, Полиция басқармасы тарапынан айыппұл салынған.
Қала әкімі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша орынбасарларына нақты тапсырмалар беріп, мерзімін белгіледі.