Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжіліс «Таза Қазақстан» республикалық эко-акциясының орындалуы бойынша есеппен басталды. Бөлім басшылары мекемеге бекітілген нысандарда атқарылған тазалық жұмыстары туралы баяндады. Жалпыхалықтық сенбілік нәтижесі ұсынылып, жұмысшы топтың анықтаған кемшіліктері сараланды.
Күн тәртібіне сәйкес сөз алған қалалық Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Ержан Исмаилов тазалықты қамтамасыз ету тапсырмасын орындау барысында Кентау тас жолында – 5 орын, Бірлік секторына қарасты Айналма тас жолы бойы, Керей хан көшесі, Майкотов көшесі, Хақназархан көшесіндегі шоғырланған қоқыс орындары тазаланғанын жеткізді. Бекзат секторындағы қоқыс алаңына 17 сәуір күнінен бастап арнайы техникалар жұмылдыру жоспарланған. Орталық көшелердегі нысандардың қасбеттерін әрлеу тапсырмасымен қазіргі таңда Б.Саттарханов даңғылында 127 нысан, 5,22 шқ қоршау, Қазыбек би көшесінде 90 нысан, 3,1 шқ қоршау әктеліп, сырланған. С.Ерубаев көшесінде жұмыстар 90 пайызға атқарылған. Әль-Фараби көшесіндегі нысандарды әрлеу сарқынды су желісі абоненттік жүйеснің құрылысы аяқталған соң, асфальт төселіп, тасарық орнатылғаннан кейін жүзеге асатыны айтылды.
Қалалық Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Арман Оспан тас төселген көшелердің есебін ұсынды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жүргізілген түгендеу нәтижесімен тас төсеуді қажет ететін көшелер саны 154-ті (102,6 шқ) құрады. Бүгінгі таңда 67 көшеде (55,1 шқ) жұмыстар аяқталған, 6 көшеде (8,6 шқ) жұмыс жалғасуда.
Қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Мұратов 8-14 сәуір аралығында Ортақ пайдалану орындарда ластау дерегімен 230 дерек анықталғанын, ӘҚБтК 434-2 бабымен хаттама толтырылып, айыппұл салынғанын, Абаттандыру қағидатын бұзу дерегімен 62 жағдай тіркелгенін, ӘҚБтК 505-бабымен азаматтарға ескерту берілгенін мәлімдеді.
Мәжіліс барысында Нұрбол Әбдісаттарұлы хаттамалық тапсырмалар мен жоспарлардың атқарылуын бақылап, бірқатар мамандарға ескерту жасады. Жиналыс қортындысымен жаңа міндеттер белгіленіп, жұмыс аптасына нақты межелер бекітілді.