Шымкент-Қызылорда бағытындағы айналма жол бойында желілік саябақ құрылысы қарқын алды. 9,6 шақырымға созылатын саялы бақтың көгалдандыру аймағы 150 шаршы метрден асады, мұнда 12 мыңнан астам ағаш, 23 мыңнан астам бұталар мен гүл отырғызылмақ.
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков нысан басына барып, мердігерлермен кездесті. Құрылыс жұмысын бақылау барысында мамандардың ұсыныстарын тыңдап, желілік саябақтың тұрғындар үшін ыңғайлы болуы маңызды екенін атап өтті.
Мердігер мекемеге саябаққа әсіресе суғару жүйесін жүргізу барысында қателікке жол бермеуді тапсырып, жұмыс күшін арттыруды ескертті. Жауапты бөлім басшысына барлық құрылыс алаңдарында техникалық қадағалаушылардың тұрақты болуына мониторинг жүргізуді жүктеді.