Түркістандық әмбебап шебер Есболат Сүйінбаев зергерлік бұйымдары мен қатар керамикадан түрлі дүниелер дайындайды.
Әке жолын қуған өнер иесі бала кезінен бері зергерлік бұйымдарын жасауға қызыққан. Кейіннен бойындағы талантты дамыту үшін Т.Жургенов атындағы өнер академиясынан зергерлік пен қатар керамика өнерін үйреніп шығады.
Тұрғын қазіргі таңда ат әбзелдерін, қыш құмаралары мен қатар сувенирлік бұйымдарды дайындайды.
Бүгінде азамат сүйікті ісін кәсіпке айналдырып қана қоймай ұлттық өнерді дәріптеп, шәкірт тәрбиелеп келеді. Шеберханасында 3 адамды жұмыспен қамтып,егіз ұлдарының бойына да ата өнерін сіңіруде.
Шебер ендігіде ұлттық өнерді әлемдік деңгейде дәріптейтін жобалар дайындауға ниетті.