Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков 2024-жылға жоспарланған көрсеткіштер мен салалар бойынша меженің орындалуын саралады.
Қала әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін салаларына қатысты мәліметтерді баяндап, есеп берді.
Бөлім басшылары ашылатын жұмыс орындары, инвестиция тарту, өзіндік кіріс көлемін ұлғайту, өнеркәсіпті дамыту бойынша болжамды нәтижелерін ұсынды.
Жиналыс барысында құрылыс пен жол саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, тапсырмалар белгіленді.
Сонымен қатар қалалық «1310» бірыңғай байланыс желісіне түскен өтініштер мен шағымдар, секторлар арқылы түскен ұсыныстар жайы қозғалды, олардың орындалу мерзімі мен сапасы зерделенді.