Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСКЕНДЕ ҒАНА ҚОҚЫС АЛАҢДАРЫНАН АРЫЛАМЫЗ»

«ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСКЕНДЕ ҒАНА ҚОҚЫС АЛАҢДАРЫНАН АРЫЛАМЫЗ»

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков айналма жолдардың бойын аралап, тазалық жұмыстарын тексерді.
Республика аумағындағы заңсыз орналасқан қоқыс орындарын анықтау мақсатында облыс аумағында космостық түсірілімдер жүргізіліп, нәтижесінде Түркістан қаласында да бірқатар орындар анықталған болатын.
Қала әкімінің тапсырмасымен қоқыс алаңдарында сенбілік ұйымдастырылып, тазартылды. Жаңа қалада көпқабатты тұрғын үйлерден шыққан құрылыс қалдықтарын құрылыс мекемелері шығарып, тазалады.
Аталған орындарда Полиция басқармасы мен сектор мамандарының кезекшілігі ұйымдастырылып, бақылауға алынды.
Түркістан қаласында ортақ пайдалану орындарын ластау дерегі бойынша жыл басынан бері Полиция басқармасы өкілдері ӘҚБтК 434-2 бабымен 2249 хаттама толтырған. Абаттандыру қағидасын бұзу дерегі бойынша ӘҚБтК 505-бабымен 274 хаттама толтырылып, айыппұл рәсімделген.
Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында полиция өкілдерінің қатысуымен жыл басынан бері түрлі деңгейде 281 кездесу өтіп, оған 13 мыңнан астам тұрғын қатысқан.
Аралау барысында Нұрбол Әбдісаттарұлы:
— Бүкіл түркі жұрты қасиет тұтатын киелі қаламыздың тазалығынан ешкім тыс қалмауы керек. Тазалықты қадағалауда қоғамдық бақылаудың үлесін арттыру керек. Белсенді азаматтармен байланысты нығайтып, бірге жұмыс атқарыңыздар, — дей келе жауапты мамандарға айналма жолдардың бойын абаттандыру бойынша да ұсыныс әзірлеуді тапсырды.

Пікір жазу