Түркістан қаласында мемлекеттік мекемелер акция аясында өз аулаларында көгалдандыру жұмыстарын бастап кетті.
Бүгін қалалық «Сәулет және қала құрылысы бөлімінің» қызметкерлері бірігіп, мекеме аумағында гүл көшеттерін екті.
Бөлім басшысы Мұхит Көшеновтің айтуынша, аталған шара Мемлекет басшысының тапсырмасымен басталған «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында жүзеге асқан. Сонымен қоса, көгалдандыру жұмыстары мекемеден қызмет алушыларға жайлы жағдай жасап, экологияны жақсартуға, тұрғындар арасында қала тазалығы мәдениетін дәріптеу мақсатында жүзеге асқан.
Айта кетейік, Түркістанда бүгін «Таза Қазақстан» эко- акциясының «Жасыл Аймақ» апталығы басталды. Апталық барысында шаһарда оқу орындары, медицина мекемелері мен сектор тұрғындары өз аулаларын абаттандырып, ағаш, гүл көшеттерін егуді жоспарлауда.
Түркістанда «Жасыл аймақ» апталығы басталды. Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен басталған республикалық экологиялық акция бес түрлі апталыққа бөлінген болатын. Әр апталықта әр өңір табиғатқа қамқорлық шараларын өткізіп, экологияның жақсаруына атсалысуда.
Бүгін елішілік шараның үшінші аптасы- «Жасыл аймақ» бойынша аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, көгалды аймақ көлемін ұлғайту көзделген.
Облыс орталығында көгалдандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Шаһардың жасыл аймағын ұлғайту мақсатында көктем мезгілінде 104 300 дана ағаш егілген. Олар: терек, емен, ива, үйеңкі, катальпа, можжевельник, кіші жапырақты қарағаш, өрік, аморфа сынды ағаш түрлері.
Одан бөлек, орталықтағы сквер, саябақ, аллеяларда 200 мың дана көпжылдық, біржылдық гүл түрлері отырғызылды. Аталған жұмыстарға 300-ге жуық маман мен 34 техника жұмылдырылған.
Өткен жылғы көрсеткіштерге тоқталар болсақ, шаһар аумағында көктем мезгілінде эустома, тәжігүл, шафран, шалфей, циннея, гейхера, гортензия, раушан, микс сынды жалпы 34 036 дана гүл егілген. Ал күз мезгілінде раушан гүл, хризантема, гортензия, қызғалдақ сынды жалпы саны 94 000 дана гүл егілген болатын.
Бүгінде облыс орталығында республикалық акцияға үлес қосуға ниетті мекемелер, секторлар көпжылдық және біржылдық гүл көшеттерін егуді жоспарлауда.
Бүгін облыс орталығындағы оқу- орындары мен мектептер «Жасыл аймақ» апталығының челленджін бастады.
Республикалық эко- акцияның үшінші апталағында челленджді М. Абенова атындағы жалпы орта мектебі бастады.
Мектеп оқушылары мен ұстаздары бірігіп мекеме ауласында біржылдық және көпжылдық гүлдер екті. Ағаш түптерін қопсытып, әктеп, көгалды аймағында абаттандыру жұмыстарын жасады.
Шара соңында «Таза қала, таза ауа!» ұранымен челлендж жолдап, түркістандықтарды эко- акцияда белсенділік көрсетуге шақырды.
Айта кетейік, көшет отырғызып, аулаларды абаттандыру көзделген «Жасыл Аймақ» апталығы 27-ші сәуірге дейін жалғасады.