Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫ – ТУРИСТІК НЫСАН

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫ – ТУРИСТІК НЫСАН

Қазақстандағы жалғыз балалар темір жолы Шымкентте ғана салынған. Келер жылы оның пайдалануға берілгеніне 40 жыл толады. Ит егесін таппай қалған 90-жылдары балалар темір жолының кенет тоқтап қалғанына шымкенттіктердің басым көпшілігі қынжылғаны рас. Мыңдаған балалардың қуанышына айналған осынау ерекше жолдың қайта «тіріліп», қалалық өмірдің айнымас бір бөлігіне айналғанын бәріміз де іштей тілеп жүретінбіз. Десек те, 2015 жылы «Тұрғын үй Шымкент» серіктестігінің сол кезде жаңадан тағайындалған директоры Мұхтар Мұхамбетжан балалар пойызының қайта жолға шығуына біраз маңдай терін төккені бар. Өзі басқаратын ұжым мүшелерімен ақылдасып, жеке қаражаттарынан 5 миллион теңге жұмсаған олар, көп ұзамай-ақ балалар темір жолына жан бітірді. Үміт оты ояна бастаған кезде, қаражаттың тапшылығы салдарынан балалар темір жолы ұзақ «ұйқыға кетті».

Енді, міне, Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың өзі көптеген жылдар бойы түйіні шешілмей келе жатқан мәселені өз бақылауына алды. Сөйтіп: «Балалар пойызын жүргіземіз және оны туристік нысанға айналдырамыз», – деді.

Бұндай әкімге «Бәрекелді!» демегенде, не дейміз!..

Әсет Әссанди

Пікір жазу