Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ӘУЕЖАЙ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ, ӘУЕ ЖҮК ТАСЫМАЛЫН ІЛГЕРІЛЕТУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘУЕЖАЙ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ, ӘУЕ ЖҮК ТАСЫМАЛЫН ІЛГЕРІЛЕТУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы халықаралық әуежайды дамытудың жаңа жобаларын дайындауды тапсырды. Облыс орталығына қатынайтын бағыттарды көбейтіп, туризммен үйлестіруді міндеттеді. Әуежайдың логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту маңыздылығына тоқталды. Әуе жүк тасымалын ілгерілету – экспортты ұлғайтуға сеп. Әкім төрағалығымен өткен жиналыста Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, әлеуетін көтеру жолдары талқыланды.
Онда әуежайды дамыту, табысы мен жолаушылар ағынын арттыруға бағытталған жұмыстар сараланды. Облыс әкімі замануаи әуежайдың мүмкіндігі мен әлеуеті әлі де толық қолданылмай отырғанын айтып, жауапты тұрғаларға тапсырма берді. Дамудың негізгі бағыттарының бірі – әуежай аумағында мульти-модальды логистикалық хаб құру.
– Өңірдің әлеуметтік — экономикалық дамуына оң әсер ететін жүйелі жұмыс керек. Әуежай да жаһандану үрдісінен қалмауы тиіс. Қазір тауарды жедел жеткізу әлемдік тенденцияға айналды. Транзиттік дәлізді дамыту өзекті. Сондықтан өзге елдердің тәжірибесімен танысыңыздар. Саланы ілгерілету арқылы бизнесті өркендетуге болады. Шетелдің ірі әуе компанияларымен байланысты нығайту керек. Осыған дейінгі берілген тапсырмалардың орындалуы әлі де әлсіз. Әуежай жұмысын туризм саласымен байланыстыра дамытқан жөн. Үндістан, Корея, Малайзия, Түркия, Ресей, Қытайға әуе рейстерін көбейтіп, саяхатшыларды тарту бағыты да ақсап тұр. Әуежайдың логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан қаласындағы халықаралық әуежай тәуелсіздік жылдарында жаңадан салынған еліміздегі алғашқы әуе айлағы. Стратегиялық маңызы бар нысан заманауи үлгідегі инновациялық және технологиялық талаптарға сай. Жылына 3 млн. жолаушыға қызмет көрсете алады.

Пікір жазу